2020 жылдың 1-2 ақпанында Теміртау қаласының «Космонавт» демалыс орнында жылсайынғы ҚарМТУ студенттеріне арналған «Snow Fest 2020» белсенді студенттерге арналған қала сыртындағы мектеп өткізілді. Сапарға 100-ден аса студент қатысуға мүмкіндік алды. Интеллектуалды, шығармашылық және спорттық іс-шараларда 8 топ бір-бірімен сайысқа түсті. ҚарМТУ студенттеріне сапарда Қарағандының құрметті еріктісі, «САУ ҰРПАҚ» қоғамдық ұйымының жетекшісі- Носырева Елена Анатольевна «Мен-волонтер» тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен қатар Ахременко Наталидың қатысуымен өткізілген би өнері бойынша мастер-класстарға қатысу мүмкіндігі болды.
Түрлі жарыстарға қатысқан студенттер шығармашылық және спорт жағынан өзін көрсете алып және ұмытылмас әсер алды.
Белсенді студенттерге арналған қала сыртындағы мектебінің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді және сайыс қорытындылары бойынша ең көп ұпай жинаған команда «Zheka`s doner house» демеуші-серіктестерімізден 5 000 тг көлеміндегі сертификатқа, «ProFood» кафесінен 5000 тг және «Наше место» тайм кафесіне 50% жеңілдігіне ие болды.