3 наурыз 2020 жылы ҚарМТУ студенттері арасында Бас ғимараттың 315 аудиториясында «BIR JAG’DAY» атты team-building командалық ойыны өтті. Іс-шараға 8 факультеттен 16 студент қатысты. Ойын 2 кезеңнен тұрды. Ойын нәтижесі бойынша «Черепашки» командасы бас жүлдеге ие болды, 2 орын – «Red and black», 3 орын – «Paf-paf saggin», 4 орын – «Vendetta». Сонымен қатар, төрешілер ойынның үздік ойыншысы – Ергешев Абдулкаримді марапаттады. Командалар алғыс хаттармен марапатталды.