«

»

“Зияткер интеллектуалдық ойын”

КОД ДА ВИНЧИ

2020 жылдың 4-5 наурыз күні «Жастар Əлемі» жастар сарайында ҚарМТУ студенттері арасында «Зияткер» интеллектуалдық ойындар жиынының «Код да Винчи» атты екінші кезеңі өткізілді. Ойын барысы қиынынан қиыстырып қана қоймай, қызықты тақырыптармен де ерекшеленетін 8 станциядан құралды. Ойынға “Не? Қайда? Қашан?” атты бірінші кезеңнен алдыға суырылып, келесі кезеңге жолдама алған топтар қатысты. Ойынның бірінші күннің нәтижесі бойынша ең жоғарғы ұпайды иеленген топ: “МногА букАв”(ЭАТФ). Екінші күннің  нәтижесі бойынша жоғарғы ұпайды иеленген “Пуффендуй” (ЭАТФ) тобы болды. Жоғары ұпайға ие болған топтар тәтті сыйлықтармен мадақталды.

КОД ДА ВИНЧИ 1