7-10 мамыр аралығында ҚарМТУ Жас Орда еріктілері “Saryarqa Jastary” еріктілер штабымен бірге “Halyk” қайырымдылық қорының қолдауымен 1500 отбасына азық-түлік себеттерін таратты. Әлеуметтік себеттер аз қамтылған отбасыларға, қарт адамдарға, мүгедектерге таратылды. Еріктілер азық-түліктерді қораптарға салып орауға көмектесті, сондай-ақ азық-түліктерді пәтерлерге жеткізді.