«

»

ЖҚҰ “Aqniet” еріктілері

238B6392-C92C-4F18-A682-D18254F0B9D8

 


Бүгін біз сіздермен әлеуметтік жобаларын іске асыруға 300 000 теңге сомасына шағын гранттардың иегерлері болған ЖҚҰ “Ақниет”  пен ЖҚ “Жас Орда”  Волонтерлер штабының жетістіктерімен бөліскіміз келді. Волонтерлік брендін танымал етуге бағытталған «Ашық жүрек» шағын грантының  арқасында біздің университеттің еріктілері әр демалыс күндері балалар үйлері мен қарттар үйлеріне барады, аз қамтылған отбасыларға атаулы азық-түлік таратады, қаламыздың көшелерінде және одан тыс жерлерде сенбіліктерді ұйымдастырады.

13.11.20 жылы ЖҚҰ  “Aqniet” еріктілері  “Благодать” қарттар үйіне барып, осы үйдің тұрғындарына қол мен аяққа арналған тренажерларды табыстады, сондай-ақ жобаны іске асыру аясында сатып алынған бейнепроектордың көмегімен ата-әжелерімізге кино кешін ұйымдастырды.

Эта запись также доступна на: Русский